Ердоған Түркияда Tesla зауытын ашуды ұсынды
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Нью-Йоркте Tesla компаниясының иесі Илон Маскпен кездесті.
«Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйінде Tesla және SpaceX негізін қалаушы Илон Маскты қабылдады», - делінген баспасөз қызметінің әлеуметтік желідегі хабарында.
Сұхбат барысында Түркия басшысы кәсіпкерге Түркияда жетінші Tesla электромобиль шығаратын зауыт ашуды ұсынған.
SpaceX-тің болашақтағы жетістіктерін атап өткен Ердоған Маскты қыркүйекте Измирде өтетін технологиялық шоуға қатысуға шақырып, ол миллиардерге өз елінің цифрландыру тұжырымдамасы мен жасанды интеллект саласындағы ұлттық стратегия туралы хабардар еткен.