Ердоған мен Столтенберг Швецияның НАТО-ға мүшелігі мәселесін талқылады
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған кеше НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен телефон арқылы Швецияның Солтүстік Атлантикалық альянсқа қосылуы мен Ресейдегі жағдайды талқылады.
Түркия мемлекет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, талқылау барысында Ресейдегі соңғы оқиғалар да сөз болған.
Хабарда айтылғандай, Ресей Федерациясындағы шиеленістің төмендеуімен Украина төңірегінде болуы мүмкін гуманитарлық апаттың алды алынған. Сонымен қатар, тараптар Швецияның НАТО-ға кіру мәселесін талқылады.
Мәлімдемеде «Түркия Швецияның мүшелігіне оң көзқарас танытуын жалғастырғаны атап өтілген. – Бұл елде тек Күрдістан жұмысшы партиясының жақтастары ғана акция ұйымдастырып жатқанда, терроризмге қарсы заңдарды өзгертудің мәні жоқ.