Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ердоған Қара теңізде жаңа газ қорының табылғаны туралы мәлімдеді
03:25 / 2020-10-18

Ердоған, Түркия Қара және Жерорта теңіздерінде геологиялық барлау және бұрғылау жұмыстарын жалғастыратынына уәде еткен


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкараның 2023 жылға дейін Қара теңіздегі жаңа табылған кен орнынан газ өндіруді мақсат еткенін айтты.

«Анадолу» агенттігінің хабарлауынша, сенбі күні Қара теңіздің түрік секторындағы перспективалы «Сакарья» кен орнында жұмыс істеп жатқан «Fatih» бұрғылау кемесіне барып, онда Қара теңізде табиғи газдың жаңа қорлары табылғаны туралы жариялады.

Оның айтуынша, жаңа бұрғылау жұмыстары Түркия тарихындағы ең ірі газ кен орнында үлкен көлемдегі газ қоры туралы айтуға мүмкіндік береді, деп «Егер осы жылдың 21 тамызында Қара теңізде 320 миллиард текше метр газ барекендігі жайлы айтқан болсақ, зерттеулер нәтижесінде жаңа кен орнының дәлелденген қорын тағы 85 млрд текше метрге немесе 405 млрд текше метрге дейін арттыруға мүмкіндік берді», - деген Ердоған.

Ердоған, Түркия Қара және Жерорта теңіздерінде геологиялық барлау және бұрғылау жұмыстарын жалғастыратынына уәде еткен.