Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Эр-Риядта Марадонаның құрметіне достастық кездесуі өтеді
12:14 / 2021-10-26

Әйгілі футбол аңызы Диего Армандо Марадонаның құрметіне Сауд Арабия патшалығының астанасы Эр-Рияд қаласында «Барселона» және «Бока Хуниорс» клубтары арасында достастық кездесуі өтеді.

2021 жылдың 14 желтоқсанында өтетін кездесу футбол тарихындағы аңызға айналған аладоп шебері Диего Марадонаның бақи өмірге аттанғанының бір жылдығына арналады.

Марадона «Бока Хуниорс» сапында– 1981/1982 және 1995-1997 жылғы маусымда өнер көрсетіп, , 1982 жылдан 1984 жылға дейін «Барселона» сапында алаңға шыққан.

Еске салар болсақ, Аргентина ұлтық құрамасының бұрынғы шабуылшысы Диего Марадона өткен жылдың 25 қарашасы күні 60 жасында қайтыс болды.

Аргентиналық аңыздың құрметіне орай «Наполи» футбол клубы үй аренасының атауын ресми түрде Диего Армандо Марадонаның есімін берді. Сантьяго-дель-Эстеродағы «Unico Madre de Ciudades» стадионы алдында оның ескерткіш мүсіні қойылды.