Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ЕҚЫҰ-ның Өзбекстандағы жобалар үйлестірушісі өзгерді
14:35 / 2021-04-26

Швейцариялық дипломат Пьер фон Аркс Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Өзбекстандағы жобалар үйлестірушісі кеңсесінің жаңа басшысы болып тағайындалды. Дипломат жаңа қызметіне 2021 жылдың мамыр айында кіріседі.

«Dunyo» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 24 сәуірде Өзбекстанның ЕҚЫҰ-дағы Тұрақты өкілі, елші Абат Файзуллаев швейцариялық дипломаты Пьер фон Аркспен онлайн сұхбаттасып, оны жоғары лауазымға тағайындалғанымен құттықтады.

Сұхбат барысында саясаткер Пьер фон Аркс соңғы жылдары Өзбекстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінде болып жатқан оң өзгерістерді, ЕҚЫҰ мен Өзбекстан арасындағы тұрақты дамып келе жатқан қатынастарды жоғары бағалады.

Пьер фон Аркс бұған дейін ЕҚЫҰ-ның Бішкектегі Бағдарламалар кеңсесінің басшысы қызметінде істеген. 2006-2016 жылдары Швейцарияның ЕҚЫҰ-дағы миссиясында кеңесші, содан кейін Тұрақты өкілдің орынбасары қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, 2016 жылдан ЕҚЫҰ-ның Өзбекстандағы жобалар үйлестірушісі кеңсесіне Джон МакГрегор жетекшілік етіп келген. Жақында Өзбекстан Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Шерзод Асадов елші Джон МакГрегормен кездесіп, Президент Шавкат Мирзияевтің алғыс хатын оқып берген болатын.