ЕҚЫҰ-ның төрағасы Ташкентке келді
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының президенті, Швеция сыртқы істер министрі Анн Кристин Линде 13 сәуірде Өзбекстанға екі күндік сапармен келді.
«Dunyo» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, сапардың бағдарламасында Өзбекстан «Олий Мажлиси» Сенаты мен Сыртқы істер министрлігінде екіжақты келіссөздер өтеді. Кездесулерде ЕҚЫҰ аясындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және өзбек-швед қатынастарын дамыту перспективалары талқыланады деп күтілуде.
Өзбекстан Президентінің Баспасөз хатшысы Шерзод Асадовтың БАҚ-қа берген мәліметінде, Анн Кристин Линдені Өзбекстан Президенті де қабылдайтыны айтылған.