Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ЕҚЫҰ миссиясының басшысы Сенат төрағасының орынбасарымен кездесті
14:30 / 2023-07-06

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенаты төрағасының бірінші орынбасары Садық Сафоев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы сайлауды бақылау миссиясының басшысы Урсула Гачекпен кездесті.

Кездесуде заң шығару үдерісін жетілдіру, сондай-ақ алдағы Президенттік сайлауға дайындық пен оны өткізу саласындағы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-мен ынтымақтастықты тереңдету мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Сайлау заңнамасын және сайлауды ұйымдастыру тетіктерін жетілдіру бойынша ұсынымдарды жүзеге асыруда тиімді ынтымақтастықты жалғастыру келісілді.

Сондай-ақ тараптарды қызықтыратын мәселелер бойынша пікір алмасылды. Екі тарап та сайлау заңнамасын демократияландырудың түрлі аспектілері бойынша ынтымақтастық пен өзара қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге дайын екенін атап өтті, делінген Сенат хабарында.