ЕҚЫҰ ДИАҚБ делегациясы Өзбекстанға келді
Бүгін Өзбекстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ЕҚЫҰ ДИАҚБ) делегациясы келді.
Dunyo ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 17 маусымға дейін жалғасатын сапар бағдарламасына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясында, Олий Мажлистің заң шығару палатасында, Сыртқы істер министрлігінде және басқа да мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда кездесулер өтеді.
Сапардың негізгі мақсаты – 2021 жылдың 24 қазанында өткен Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауын бақылау жөніндегі ДИАҚБ миссиясының қорытынды есебін таныстыру.