ЕҚЫҰ ДИАҚБ бағалау миссиясының сарапшылары Өзбекстанға сапармен келеді
19-22 шілдеде «Өзбекстан Республикасы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ӨР Конституциялық заңының жобасы бойынша алдағы республикалық референдумға байланысты ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының (ДИАҚБ) қажеттіліктерді бағалау миссиясы сарапшылары сапармен келеді.
Орталық сайлау комиссияның мәліметінше, Қажеттіліктерді бағалау миссиясының сапарының мақсаты референдумды дайындау және ұйымдастыру барысымен танысу, сондай-ақ референдум туралы ұлттық заңнаманың жалпы қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкестігін талдау болып табылады.
ДИАҚБ миссиясының қорытындылары негізінде ЕҚЫҰ алдағы республикалық референдумды бақылудың орындылығы, оның форматы, ұзақтығы және бақылаушылар құрамы туралы шешім қабылдайды.
Сапар барысында миссия мамандары Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, бірқатар министрліктер мен ведомстволар және БАҚ өкілдерімен кездесу өткізеді.