Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ЕҚЫҰ делегациясы Парламент сайлауындағы миссиясын аяқтады
11:49 / 2024-10-31

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ЕҚЫҰ ДИАҚБ) Өзбекстан Республикасының Олий Мажлис Заң шығару палатасы мен жергілікті кеңес депутаттарының сайлауын бақылау миссиясының өкілдері Ташкентте жұмысын аяқтады.

Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясында ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының басшысы Уэйк Дуглас Брюс, оның орынбасары Иоанну Димитра, сайлау жөніндегі талдаушы Тейлор Крис Джон қатысуымен кездесу өтті.

Бұл миссия құрамында негізгі топтан 17 сарапшы және ел аумағында сапармен болған 26 ұзақ мерзімді бақылаушы болды.

Сайлау күні 33 елден 322 бақылаушы, соның ішінде ДИАҚБ-ның 223 ұзақ және қысқа мерзімді бақылаушылары, сондай-ақ ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясынан 56 делегат сайлау процесіне қатысты.

ЕҚЫҰ-ның қысқа мерзімді миссиясын арнайы үйлестіруші әрі жетекші А.Гулиев басқарды. Д.Уэйк басшылығындағы ДИАҚБ өкілдері елде биылғы 23 қыркүйекте жұмысын бастаған еді.

Бақылау барысында сайлауға дайындық және осы маңызды саяси іс-шараны өткізу бойынша ЕҚЫҰ міндеттемелеріне, демократиялық сайлауға қатысты басқа да халықаралық стандарттарға, сондай-ақ ұлттық сайлау заңнамасы ережелеріне сәйкестігі тұрғысынан мониторинг жүргізілді.

Кездесу барысында «Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Заң шығару палатасы мен жергілікті кеңес депутаттары сайлауына қатысты миссияның алдын ала нәтижелері мен қорытындылары туралы мәлімдеме» ұсынылды.

Өз кезегінде миссия басшысы Д.Уэйк кездесуге шынайы ризашылығын білдіре отырып, соңғы жылдары ЕҚЫҰ ДИАҚБ мен Өзбекстан арасында сайлау саласында қалыптасқан және нығайып келе жатқан ынтымақтастық қазіргі заманғы тенденцияларға сай озық тәжірибелерді енгізуге қызмет етіп жатқанын атап өтті.

– Миссиямыз соңында тағы бір кездесу өткізу екі тарап үшін де пайдалы, – деді миссия басшысы. – ОСК мүшелерінің сайлаудың қалай өткендігі туралы пікірлері мен талдауларын тыңдадық. Сонымен бірге біз де өз қорытындыларымызбен бөлістік. Әңгімелесу барысында сайлауға жоғары деңгейде дайындықтың жүргізілгені, инновациялық технологиялардың тиімді қолданылғаны сияқты назар аударылуы тиіс оң тенденциялар талқыланды.

Айрықша атап өту керек, бұл саяси процесте тек Орталық сайлау комиссиясы ғана емес, ел бойынша мыңдаған сайлау учаскелерінің мүшелері мен азаматтар белсенді қатысты.

Кездесу барысында ОСК төрағасы шетелдік серіктестерге мониторинг және бақылау процесінде атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді. Болашақта ұсынылған ұсыныстар сайлау заңнамасын жетілдіруде ескерілетінін атап өтті.

Сұхбат барысында тараптар ОСК мен ЕҚЫҰ ДИАҚБ арасындағы тиімді ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде пікір алмасты.

Айта кетейік, алдағы уақытта ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясы сайлауды ұйымдастыру және өткізу саласындағы тәжірибені, тиісті заңнаманы жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды қамтитын қорытынды есеп дайындайды.