Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ЕҚДБ Өзбекстанға электр энергиясын дамытуға 81,6 миллион еуро бөлді
09:19 / 2021-08-12

Еуропалық қайта құру және даму банкі Өзбекстанға электр энергиясын дамытуға 81,6 миллион еуро көлемінде несие бөлді.

Осыған орай Министрлер Кабинеті «Өмірлік инфрақұрылымды қолдау бағдарламасы: электр энергиясы саласын қолдау» жобасын іске асыру шаралары туралы» қаулы қабылданды.

Қаулыға сәйкес, жобаны іске асыру үшін Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі 7 жыл мерзімге 30 ай жеңілдік кезеңі бар, жылдық 1 пайыз мөлшерлемемен 6 ай Euribor ставкасында және міндеттеме бойынша комиссия 0,5 пайыз мөлшерінде 81,6 миллион еуро несие бөлді.

Шешіммен төмендегілер расталған:

  • Еуропалық қайта құру және даму банкінің қарызын пайдалану схемасы;
  • Еуропалық қайта құру және даму банкінің қарызын «Ташкент ЖЭС» АҚ, «Навои ТЭЦ» АҚ, «Науаи ЖЭС» АҚ, «Тахиатош ЖЭС» АҚ, «Сырдария ЖЭС» АҚ, «Таллимаржон ЖЭС» АҚ тарапынан өтеудің болжамды кестелері.

Жобаны іске асыру мерзімі-2 жыл (2021-2022 жж.) болып, осы аралықта:

  • «Жылу электр станциялары» АҚ жобаның орындалуын үйлестіру мен бақылауға жауапты;
  • Қарыз алушы – «Ташкент ЖЭС» АҚ, «Навои ТЭЦ» АҚ, «Науаи ЖЭС» АҚ, «Тахиатош ЖЭС» АҚ, «Сырдария ЖЭС» АҚ, «Таллимаржон ЖЭС» АҚ қарызды мақсатты және тиімді пайдалануға жауапты болып табылады;
  • Негізгі қарызды қайтару, пайыздар, бір реттік комиссияны және басқа да шығындарды өтеуге байланысты төлемдер ЖЕС-тің жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.