ЕО Ресейдің мұздатылған егемендік активтерінен түскен кірістің белгілі бір бөлігін Киевке аударды.
– Ресей Орталық банкінің бұғатталған активтерінен түскен 1,6 миллиард еуролық үшінші транш Украинаға қолдау көрсетуге бағытталды, – делінген Еуропа комиссиясының мәлімдемесінде.
Еуропа комиссиясы бұған дейін 2024 жылдың шілдесінде және 2025 жылдың сәуірінде РФ активтерінен түскен кірісті Украинаға аударғанын еске салды.
Шілде айында Еуропа дипломатиясының басшысы Кая Каллас тамыз айының соңында өтетін ЕО сыртқы істер министрлерінің отырысында Ресей есебінен Украина қажеттіліктеріне қаржы бөлу мәселесін талқылауға уәде берген, бірақ одақ елдерінің бұл тұрғыда бірыңғай ұстанымы жоқ екенін де мойындаған.
Ресей СІМ Еуропадағы Ресей активтерінің бұғатталуын ұрлық деп санайды және ЕО тек жеке қаражатты ғана емес, РФ мемлекеттік активтерін де нысанаға алғанын атап келеді.