Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ЕО Молдоваға 150 миллион еуро көлемінде көмек көрсетеді
17:48 / 2022-04-04

Еуропалық Одақ Молдоваға несие және субсидия түрінде 150 миллион еуро көлемінде макроқаржылық көмек көрсетеді.

ЕО кеңесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, берілетін көмек Молдованың қазіргі геосаяси контексттегі тұрақтылығын нығайтуға және оның Халықаралық валюта қорының бағдарламасында белгіленген төлем балансын қаржыландыру қажеттілігін қанағаттандыруға көмектесуі керек.

Бөлінген қаражат Молдова экономикасын тұрақтандыруға және реформалар бағдарламасын жүзеге асыруға көмектеседі деп күтілуде.

Бұл соманы төлеу 2022 және 2024 жылдарға бөлінген үш бағыт бойынша жүзеге асырылады. Яғни, қолайлы қаржыландыру шарттарымен орта және ұзақ мерзімді несие түрінде жалпы сомасы 120 миллион еуро, грант түрінде 30 миллион еуро беріледі.