Энрике әлем чемпионатында Twitch трансляциясынан тапқан ақшасын қайырымдылыққа аударды
Луис Энрике Қатарда өткен футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты кезінде Twitch трансляцияларынан тапқан ақшасын қатерлі ісікке шалдыққан балаларға көмектесетін қорға аударды.
Әлем чемпионаты кезінде Испания құрамасының бас бапкері Twitch желісі арқылы трансляцияларға қатыып, сол кезде Энрике барлық түскен ақшаны қайырымдыылыққа беруге уәде еткен еді.
Marca басылымының дерегінше, 52 жасты испан маманы қатерлі ісікке шалдыққан балаларға көмектесетін Enriqueta Villavecchia қорына 30 мың еуро аударған. Бұл жағдай 23 ақпанда жасалған.
2022 жылғы әлем чемпионатында Энрике басқарған Испания құрамасы 1/8 финалдық кезеңнен өте алмай, сенсациялық түрде Мароккодан ұтылған еді.