Өзбекстан аумағында қалыптасқан жағдайға орай, энергетикалық жүйені реттеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанымен, кейбір өңірлерде белгіленген тәртіпті сақтамайтын шенеуніктер бар екені белгілі болды. Бұл туралы Президент Әкімшілігінде өткен жиында айтылды.
Жызақ облысында жүргізілген жедел іс-шаралар барысында бір тәулікте 4 кәсіпорында табиғи газды заңсыз пайдалану фактілері анықталған.
Сондай-ақ Ташкент облысының Жоғары Шыршық ауданында орналасқан «BEAUTY GLASS DECOR» шыны өңдеу кәсіпорны 2 шыны өңдеу пешінде табиғи газды пайдаланып отыр. Оның табиғи газды тәуліктік тұтынуы 7 мың текше метрді құрайды. Бұл тұтынушыны күзгі-қысқы маусымда көгілдір отыннан ажырату жоспарланса да, «Худудгаз Пойтахт» мекемесінің газбен қамту бөлімшесі оны газбен қамтамасыз етіп отырғаны анықталды.
– Мұндай жағдай басқа облыстардың бәрінде бар. Өңірлердегі әрбір кәсіпорын мен ұйым зерделеніп, газды заңсыз пайдалану фактілері анықталған кезде, олар тез арада жойылып, жауапкершілікке тартылатын болады. Бізді осындай жағдайға жеткізгендер судан құры шықпайды. Олардың кейбіреулері осында отырыста отыр, , – деді басқарма басшысы С.Умурзаков.
«Узтрансгаз» компаниясына қарасты компрессорлық станцияларда да үлкен кемшіліктер бар. 37 агрегаттың 21-і жөндеу көрмеген.
Журабек Турсунполатович (Энергетика министрі), Бекзод Рахматоллаевич («Узтрансгаз» басшысы) барлық қондырғыларды тез арада іске қосу қажет. Ақаулы агрегаттар басқа құрылғылардың нашар жағдайында жұмыс істеуін туындатады, техникалық ақаулар тудырады және тұтынушыларды тұрақты табиғи газбен қамтамасыз ету мүмкіндігін жояды, деді Сардор Умурзаков.
Жиында немқұрайлылық пен жауапсыздық танытқан лауазымды тұлғаларға қатаң шара қолданылатыны ескертілді.