Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Энергетика саласында Қашқадарияда 1250 МВт-ты жобалар жүзеге асырылады
16:13 / 2021-10-11

Бұл туралы Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясынан Өзбекстан Республикасы Президенті лауазымына кандидат Шавкат Мирзияев қашқадариялық сайлаушыларымен кездесуінде айтты.

- Энергетика саласында жалпы қуаты 1,250 МВт болатын 1,3 миллиард долларлық жобалар алдағы бес жылда жүзеге асырылатын болады. Атап айтқанда, 200 миллион доллар тікелей шетелдік инвестиция есебінен облыстың «Ғузар» ауданында 300 МВт күн электр станциясы салынады.

1 миллиард доллар шетелдік инвестиция есебінен «Таллимаржан» жылу электр станциясында қосымша 900 МВт қуаты пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ, облыстағы «Мубарак» жылу электр станциясы 500 миллион доллар тікелей шетелдік инвестиция есебінен жаңғыртылады. Жалпы, Энергетика министрлігі жанынан ірі өнеркәсіптік жобаларға инфрақұрылым салу үшін арнайы қор құрылады, оған 200 миллион доллар бөлінеді, - деді Шавкат Мирзияев.