Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Энергетика министрлігі сардобада жапа шеккен халық үшін көмек керуенін жіберді
15:07 / 2020-05-04

50 тонна жанармай су қоймасының бұзылған жерін қайта қалпына келтіру үшін арнайы жіберген


Сырдария облысы Сардоба су қоймасында орын алған апатқа байланысты республикадағы барлық облыстар мен ел аумағындағы ұйым, кәсіптік фирмалар мен жеке тұлғалар сондағы жәбір көрген халыққа өз көмегін көрсетуде.

Бүгін Энергетика министрлігі құрамындағы «Худудгаз Сирдарё» ЖШС, «Узтрансгаз» АҚ, «Узбекнефтгаз» АҚ және Наманган аймақтық энергетикалық компаниясы Сырдарияға «Көмек керуенін» жіберді.

Мұнда «Узбекнефтгаз» АҚ компаниясы тарапынан берілген сырдариялықтарға көмек акциясына қосқан үлесі 1,9 млрд сумды құрайды. Онда компания 300 тоннаға жуық түрлі өнімдерден тұратын 28 жүк көлігін жіберіп, 50 тонна жанармай су қоймасының бұзылған жерін қайта қалпына келтіру үшін арнайы жіберген.