Энергетика министрі Газпром басшысымен кездесті
Өзбекстанның Энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов пен «Газпром» ЖАҚ Басқарма төрағасы Алексей Миллер арасында жұмыс кездесуі өтті.
Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде тараптар ынтымақтастықтың барысы мен болашағына, соның ішінде Ресей газын Өзбекстанға жеткізу мәселесіне тоқталды.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың қаңтарында «Газпром» мен Өзбекстанның Энергетика министрлігі газ саласында ынтымақтастық туралы «Жол картасына» қол қойылған еді.