Эмомали Рахмон президенттік сайлауда жеңіске жетті
Тәжікстандағы 11 қазанда өткен президенттік сайлау нәтижесіне орай, азаматтардың 90,92 пайызы қазіргі президент Эмомали Рахмонға дауыс берген
Тәжікстандағы 11 қазанда өткен президенттік сайлау нәтижесіне орай, азаматтардың 90,92 пайызы қазіргі президент Эмомали Рахмонға дауыс берген.
Орталық сайлау комиссиясының жетекшісі Бахтиер Худоёрзоданың мәлімдемесіне сай, Тәжікстан тәуелсіз кәсіподақтар федерациясы, Тәжікстан Жастар одағы және Тәжікстан Халықтық-демократиялық партиясы атынан үміткер Эмомали Рахмон 90,92 дауыспен Президент болып сайланды.
Алдын ала есептеулер бойынша дауыс беруге 4 221 076 адам немесе сайлаушылардың 85,39 пайызы қатысқан.
«Ховар» Ұлттық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Тәжікстан Аграрлық партиясының кандидаты Рустам Латифзода - 3,03, Тәжікстанның Экономикалық реформалар партиясының кандидаты Рустам Рахматзода - 2,15, Тәжікстан Коммунистік партиясының кандидаты Миродж Абдуллоев - 1,17, Тәжікстан Социалистік партиясының кандидаты Абдухалим Ғаффорзода - 1 , 49 пайыз дауыс жиған.