Емделу мақсатында Өзбекстанға 9 айда 18 мыңға жуық шетелдік келген
2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Өзбекстанға емделу мақсатында 17 981 шетелдік келген.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, жыл басынан бері Өзбекстанға жалпы 1 135 621 шетелдік азамат туристік мақсатпен келген. Олардың басым бөлігі – 954 438-і елдегі туыстарнда қонақта болған.
Комитет дерегіне қарағанда жалпы елге келген шетелдіктер сапарының мақсаты мынадай:
- демалыс үшін – 106 628 адам;
- қызмет бабымен – 40 883 адам;
- емделу мақсатында – 17 981 адам;
- сауда-саттық – 10 827 адам;
- оқу мақсатында – 4 864 шетелдік азамат келген.