Елорда төрінде Ташкент халықаралық марафоны
Ташкенттегі «Жаңа Өзбекстан» саябағында VII Ташкент халықаралық марафоны жоғары деңгейде өтті. Биылғы жарысқа әлемнің 52 елінен 11 500-ден астам спорт сүйер жан қатысып, ауқымды додаға айналды.
Қатысушылар марафон (42 км), жартылай марафон (21 км) және 10 шақырымдық қашықтықты саябаққа іргелес жолмен жүгіріп өтті. Ал 3 шақырымға арналған жарыс тікелей саябақ аумағында ұйымдастырылды.
[gallery-22784]
3 шақырымда Елдор Ботиров пен Садокат Самиқжанова мәре сызығын бірінші болып кесті. 10 шақырымда Хасан Мирсаатов пен Алина Хакимова өзгелерден озып, жеңіс тұғырынан көрінді. Жартылай марафонда Ринас Ахмадиев пен Айнушка Халилқызы дара шықса, 42 шақырымдық классикалық марафонда Виталий Шафар мен Екатерина Тунгускова алтын медальге ие болды.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медаль, ақшалай сыйлық және естелік тартулармен марапатталды.
суреттерді түсірген А.Мамадаминов, ӨзА