Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Елнұр Абдураимов жеңілмеген кубалық боксшымен жұдырықтасады
09:56 / 2022-04-08

Әуесқой бокстан біржола кәсіпқойлыққа ауысқан өзбекстандық былғары қолғап шебері Елнұр Абдураимов (8-0, 7 КО) кубалық боксшыға қарсы жекпе-жек өткізеді.

Жекпе-жек 7 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. Елнұрға қарсыласы кубалық Мануэль Корреа (11-0, 7 КО) болмақ. Екі боксшыда осыған дейін жеңілмеген.

Осы бокс кешінің басты жекпе-жегінде супер орта салмақтағы абсолютті чемпион Сауль Альварес (57-1-2, 39 КО) жеңілмейтін былғары қолғап шебері Дмитрий Биволға (19-0, 11 КО) қарсы жұдырықтасады. Жекпе-жек жартылай ауыр салмақта өтеді.

Сонымен қатар, осы кеште тағы бір өзбекстандық боксшы Шахрам Ғиясов мексикалық Кристиан Гомеске қарсы қолғап түйістіреді.