Әуесқой бокс пен кәсіпқойлықты да қатар ұстанып келе жатқан өзбекстандық былғары қолғап шебері Елнұр Абдураимов кәсіпқой бокста 6-шы жекпе-жегін өткізді.
Токио-2020 Олимпиадасына жолдамаға ие Елнұр (5-0, 5 КО) кезекті жекпе-жегін 13 желтоқсанда Мексикада Абрахам Оливаға (4-0, 4 КО) қарсы өткізіп, алғашқы раундтың өзінде мексикалықты накаутқа жіберді. Осылайша Елнұр Абдураимов кәсіпқой бостағы 6 жеңісіне қол жеткізуде.
<div style="width: 100%; height: 0px; position: relative; padding-bottom: 55.833%;"><iframe src="https://streamable.com/e/ne12v2" frameborder="0" width="100%" height="100%" allowfullscreen style="width: 100%; height: 100%; position: absolute;"></iframe></div>Өзбекстандық қазақ бауырымыз Елнұр Абдураимовпен осы жекпе-жегі алдынан жаттығуларға дайындалу мақсатында Америкаға жол алғаны жайлы хабар тауып спортшыдан шағын ғана сұхбат алған едік. Елнұрдың болашақтағы жоспары жайлы өз сөзін оқи отырыңыз:
- Елнұр бүгінге дейін кәсіпқой бокста 5 мәрте жекпе-жек өткізіп бәрінде жеңіске жеттің, десе де әлі күнге әуесқой бокстан да біржола кеткен жоқсың. Бұл саған ынғайсыздық тудырмайма? Алдағы уақытта кәсіпқойға өту ойда барма?
Әрине осы жеңістерге жету маңдайымызға жазған екен, қолдан келгенше әрекет етіп жүрміз. Бір жағынан әуесқой мен кәсіпқойды қатар алып жүру рингте қолайсыздық тудырады. Әуесқойда бәрі жылдам өте шығады, шапшаңдығың мағызды. Ал кәсіпқойда бөлекше. Қимылыңда, әрекетіңде, тіпті соққыныда басқа еппен берер тұстары көп. Болашақта бәрібір кәсіпқойға барамызғой. Қазіргі уақытта нақты жоспар Токио Олимпиадасы болып тұр. Одан арғысын ойша топшалағанмен мәлім бір себептермен ашып айтуға ыңғайсыз болып тұр.
-Жалпы Олимпадаға екінші рет жолдамаға ие болдың. Бірақ алғашқысында барған жоқсың. Токио додасында да бұл жағдай қайталануы мүмкін бе?
Менің алғашқы жолдамаға ие болғаным Рио-2016 Олимпиадасына тура келеді. Алайда сол кезде менімен қатар Хуршид Таджибаевта осы жолдамаға ие болған. Бір жағынан ол кәсіпқой бокспен де айналысып жүрген кезі. Сондықтан болса керек Олимпиада комитеті де, бапкерлер де осы спортшыны жіберуге шешім қабылдады. Мүмкін оның Риоға аттануы осы кәсіпқойлықта да жақсы нәтиже көрсеткені ықпал еткен шығар. Ал енді бүгінгі жағдай мүлдем бөлек. Бұйырса Токиода топ жаруға барымды саламын.
-Кәсіпқой бокстағы жекпе-жектердің барлығын үздік нәтижеде жеңіспен аяқтап келесің. Өзіңді қашан титулдық жекпе-жек кештерінде көреміз?
Әрине менің кәсіпқойдағы кездесулерім ойдағыдай аяқталды. Десе де бұл титулдық жекпе-жекке жол ашуға аздау ететін шығар. Бәлкім алда промоутер, менеджерлеріміз осындай кештерді ұйымдастыруды жоспарлап қойған болуы мүмкін. Әзірге өзім асығыс емеспін. Ең бастысы рейтингті түсіріп алмау. Менің ойымша бұл мәселе тағыда бір-екі жекпе-жектен кейін нақты болады. Өйткені сол кезде менің ұсынысымсыз-ақ өздері ұсыныс білдіретін де болар.
Сұхбат үшін рақмет. Алдағы жоспарыңа сәттілік тілейміз!

Алғашқы жекпе-жек. 2018 жыл 29 қыркүйек Калифорния штатының Индио қаласы «Fantasy Springs Casino»

Екінші жекпе-жек. 2018 жыл 18 қазан Калифорния штатының Индио қаласы «Fantasy Springs Casino»

Үшінші жекпе-жек. 2018 жыл 10 қараша Ресей, Екатеринбург

Төртінші жекпе-жек. 2019 жыл 23 наурыз Ресей, Екатеринбург

Бесінші жекпе-жек. 2019 жыл 18 мамыр Ресей, Екатеринбург