Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Елнұр Абдураимов лицензиялы жарыстағы жекпе-жекті жеңіспен бастады
13:09 / 2020-03-06

Иорданияның Амман қаласында бокстан Токио-2020 олимпиадасына Азия құрлығынан іріктеу турнирі жалғасуда


Иорданияның Амман қаласында бокстан Токио-2020 олимпиадасына Азия құрлығынан іріктеу турнирі жалғасуда.

Кеше өзбекстандық үш боксшы осы лицензиялы жарыстың жекпе-жегін жеңіспен бастады. Олар қатарында бірінші рингке шыққан Елнұр Абдураимов филиппиндік әуесқой Жеймс Палистті айқын басымдықпен (5:0) жеңіп келесі кезеңге өтті. Оның ендігі қарсыласы австралиялық Харрисон Гарсайд.

75 келі салмақта екінші жекпе-жегін өткізген Фанат Кахрамонов самоалық Янсен Путоаны жеңген болса, 81 келіде Дильшод Рузметов алғашқы кездесуінде австралиялық Пауло Аокусоны 3:2 есебінде жеңді.