Елнұр Абдураимов Токио-2020 олимпиадасына барады
Қазірге дейін ерлер арасында өзбекстандық 5 боксшы олимпиада жолдамасына ие болды
Бокс бойынша Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Токио-2020 олимпиадасына іріктеу турнирінде жолдама үшін жекпе-жек өткізген Елнұр Абдураймов қарсыласын жеңіп олимпиада жолдамасына ие болды.
63 келіге дейін болған салмақта ширек финалда жекпе-жекке шыққан австралиялық 22 жасар Харрисон Гарсайд, қарсыласы Елнұрдың кәсіпқойлықпен қатар айналысатынынан хабарсыз болғандықтан ба әлде өзінің ұстанымы сондай ма кім білсін, алаңсыз түсіп жатып алғашқы раундтың алғашқы сәттерінде-ақ Елнұрдың оң жақтан берген оқыс соққысынан жығылды. Үш раундтық жекпе-жектің нәтижесі бойынша Елнұр жоғары басымдықпен ұтып Токио-2020 олимпиадасына жолдамаға ие болды. Оның келесі жекпе-жегі монголиялық боксшыға қарсы өтеді.
Қазірге дейін Өзбекстан құрамасы боксшларынан Бобусмон Ботуров, Санжар Турсинов, Баходир Жалолов және Шахобиддин Зоировтар олимпиада жолдамасына қол жеткізген болатын.