Елмұрат Тасмұрадов Токио-2020 олимпиадасына барады
Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатының бүгін төртінші күні.
Кеше Өзбекстан құрамасының грек-рим күресі бойынша сенімді спортшылары саналатын Елмұрат Тасмұрадов пен Жалғасбай Бердимуратовтар абайсызда қарсыластарынан жеңіліп қалып, бірақ жеңіске жеткен күресшілер финалға дейін жетіп барғандығы есебінен бұл спортшыларда қола медаль мен Токио-2020 олимпиадасының жолдамасы үшін күреске түсу мүмкндігі сақталып қалған еді.
Сол мүмкіндікті мүл жібермей бүгінгі өткен күрестерде Елмұрат Тасмұрадов(-60 кг) алдымен эквадорлық Андрес Монтаноны, сосын молдовалық Виктор Сиобануды жеңіп Токио-2020 олимпиадасының жолдамасына ие болған болса.
77 келі салмақта Жалғасбай Бердимуратовта украиналық Володимир Яковлиев пен литвалық Паулиус Галкинасты жеңіп Токио-2020 олимпиадасына жолдама алды.
Енді қос күресші кешкі дәстүрден орын алған үшінші орын, қола медальі үшін күресетін болады.
Өзбекстан Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабары.