Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Елмұрат Тасмұрадов Азияда бесінші рет чемпион атанды
10:54 / 2020-02-19

Токио-2020 олимпиадасына жолдаманы Нұр-Сұлтан қаласында өткен әлем чемпионатында жеңіп алған болатын


Рио-2016 олимпиадасында қолаға қол жеткізген Елмұрат Тасмұрадов, Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан спорттың күрес түрінен Азия чемпионатында алтын алып құрлықта бесінші мәрте чемпион атанды.

-63 келі салмақта боз кілемге шыққан Елмұрат жарыс кезеңіндегі қарсыластарының барлығын сенімді түрде жеңіп өзінің құрлықтық жарыстағы бесінші жеңісіне қол жеткізді. Ол алғашында қазақстандық Ернур Фидахметовты (7: 0), үндістандық Сачин Рананы (8: 0) және ирандық Далхани Мейсамды (10: 1) ұпаймен жеңіп ақтық мәреде кореялық Жингсу Сонгты 9:0 есебінде жеңді.

Елмұрат Тасмұрадов өткен жылдың қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өткен әлем чемпионатында таласқа түскен Токио-2020 олимпиадасы жолдамаға ие болған еді.