Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің чемпионы атанды
Қазақстандық әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина алғаш рет Уимблдон турнирінің чемпионы атанды.
1 сағат 47 минутқа созылған финалдық кездесуде Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы тунистік Онс Джаберді 3:6, 6:2, 6:2 есебімен ұтты.
Осылайша 23 жастағы Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» жарысындағы алғашқы титулына қол жеткізді және 2011 жылдан бергі Уимблдонның ең жас чемпионы атанды.