Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Елена Остапенко Дубайдағы турнирде жеңіске жетті
11:38 / 2022-02-21

Латвиялық теннис ханшайымы Елена Остапенко БАӘ-нің Дубай қаласында өткен беделді WTA турнирінде бас жүлдені жеңіп алды.

Жүлде қоры 703 580 долларды құрайтын «Dubai Duty Free Tennis Championships» турнирінің шешуші финалында әлемнің 21-ші ракеткасы Елена Остапенко ресейлік Вероника Кудерметоваға қарсы кортқа шықты.

Алпыс алты минутқа созылған кездесуде Остапенко 6/0, 6/4 есебімен жеңіске жетті. Осы сәтті жеңістен кейін латвиялық теннисші WTA рейтингінде 13-орынға көтерілді. Күдерметова 25-орынға жайғасты.