Электромобильдерді сатып алу немесе уақытша әкелу үшін төлем жойылуы мүмкін
Электр қозғалтқыштарымен жұмыс істейтін автокөлік құралдарын сатып алу немесе Өзбекстан территориясына уақытша әкелу үшін белгіленген төлемдер жойылуы мүмкін.
Осы жөнінде депутаттар «Өзбекстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарастырып жатыр.
Жоба бизнесті одан әрі қолдауға, коронавирус пандемиясының экономика салаларына кері әсерін азайтуға және халықтың табысын арттыруға бағытталған нормаларды қарастырған.
Заң жобасы электр қозғалтқыштарымен жұмыс істейтін автокөлік құралдарын сатып алу немесе Өзбекстан Республикасы территориясына уақытша әкелу үшін төлемдерден босатуды көздейді. Бұл жөніндегі талқылау процесі жүріп жатыр, делінген хабарламада.