Электромобильдер мен гибридті көліктер 2030 жылға дейін кедендік баж салығынан босатылады
2030 жылдың 1 қаңтарына дейін Өзбекстанда электромобильдер мен гибридті автомобильдер кедендік баж салығынан босатылады.
Осыған орай Мемлекет басшысының «Электромобильдер шығаруды ұйымдастыруды мемлекеттік қолдау шаралары туралы» қаулысы қабылданды.
Қаулыға сәйкес, электр энергиясымен жұмыс істейтін көлік құралдары мен іштен жанатын қозғалтқыштан және сыртқы қуат көзі арқылы зарядталатын электр қозғалтқышымен ж,ретін көлік құралдарын өнеркәсіптік өндірісте мемлекеттік қолдау жүйесі енгізіледі.
2030 жылдың 1 қаңтарына дейін:
- республикада шығарылатын электромобильдер мен гибридті автомобильдер утилизация төлемінен босатылады;
- шетелден әкелінетін электромобильдердің және гибридті көліктердің құрамдас бөліктері, шикізат пен материалдар, құралдар пен технологиялық жабдықтар, оның ішінде қызмет көрсетуге арналған қосалқы бөлшектер кедендік баж салығынан босатылады;
- республикада өндіріліп, ішкі нарықта сатылған, электрлік және гибридті автомобильдерді сатып алу үшін жеке тұлғаларға ұлттық валютада берілген 1200 еселенген БЕМ-нен аспайтын несие бойынша Орталық банктің базалық мөлшерлемесінен асатын, бірақ 10 пайыздық тармақтан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша несие мерзімінің алғашқы 36 айы ішінде өтемақы төленеді.
2030 жылдың 1 қаңтарына дейін электромобильдерде және гибридті автомобильдерде жолаушыларды тасымалдау қызметтерін ұйымдастырушылар лицензия қағазын бергені үшін мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылады.