Электр қуатының үзілуіне орай ЖОО, лицей мен колледждерде қалдырылған емтихан басқа күні өтеді
Өзбекстандағы электр қуатының үзілуіне байланысты ЖОО, лицей мен колледждерде өтпей қалған емтихан басқа күні өтетін болды.
Жоғары және арнаулы орта білім министрлігінің ресми ақпаратында, 25 қаңтарда Өзбекстанның басым бөлігінде электр қуатының үзілуіне байланысты жоғары және орта арнаулы оқу орындарында сабақ пен бітіру емтихандары өтпеді.
25 қаңтарда жоғары және кәсіптік оқу орындарында, академиялық лицейлерде электр қуатының үзілуінен өтпей қалған сабақтар, қорытынды емтихандар әрбір оқу орнының қосымша әзірленген кестелері негізінде өтетін болады, делінген хабарламада.