Электр энергиясының бағасы жуық арада аспайды
Энергетика министрлігі хабарлайды
Өзбекстанда электр қуатының бағасын көтеру жоспарлары жоқ. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады. Онда айтылуынша бұл салада дамып келе жатқан мемлекеттік-жекеменшік серіктестік электр энергиясының өзіндік құнына оң әсер ететіні айтылған.
Министрліктің мәліметінше, Өзбекстанда жеке электр станцияларын салуды және пайдалануды жоспарлап отырған халықаралық компаниялар өздерінің жобалық ұсыныстарында мемлекеттік электр станцияларындағы электр қуатының қазіргі тарифтеріне қарағанда төмен тарифтерді жоспарлаған. Осының нәтижесінде энергетика саласындағы тарифтердің аспауына түрткі беріп орта және ұзақ мерзімді перспективада қолайлы тариф саясатын қамтамасыз етуге болады, делінген.