Элдор Туляков Чехия елшісімен кездесті
Өзбекстан дәйекті, сындарлы және салиқалы саясатының арқасында әлемнің көптеген елдерімен сенідім және өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастықты нығайтып келеді.
«Даму стратегиясы» орталығының мәліметінше, орталықтың атқарушы директоры Элдор Туляков пен Чехияның Өзбекстандағы елшісі Любомир Фреборттың қатысуымен кездесу өтті.
Елші Любомир Фреборт Өзбекстанда байқалып жатқан өзгерістер мен реформаларды жіті қадағалап отырғанын айтып, Өзбекстан-Чехия қарым-қатынастарын одан әрі жеделдетуге үлес қосуға дайын екенін білдірді.
«Кездесуде тараптар «Өзбекстан-2030» стратегиясы аясында елде жүргізіліп жатқан реформалар мен өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы уақыттағы бағыттар бойынша ынтымақтастық орнатуға келісті», делінген «Даму стратегиясы» орталығының хабарында.