Элдор Шомурадов соққан гол «Ромаға» жеңіс әкелді
Римнің «Рома» клубының шабуылшысы өзбекстандық аладоп шебері Элдор Шомурадов УЕФА Конференция лигасының плей-офф іріктеу кезеңінің алғашқы матчында гол соғып командаға жеңіс сыйлады.
«Рома» плей-офф сатысында Түркияның «Трабзонспор» клубымен кездесіп 2:1 есебінде жеңіске жетті. Кездесудің алғашқы таймында есеп ашылмады. 15 минуттық үзілістен кейін 55 -минутта Пеллегрини есеп ашса, 64 -минутта Корнелиус есепті теңестірді 1:1.
81 минутта матцтың алғашқы минутынын негізгі құрамда алаңға шыққан өзбекстандық шабуылшы Элдор Шамуродов, бұрыштамадан қайтқан допты «Трабзонспор» қақпасына соғып «Рома» сапындағы дебюттік кездесуінде командаға жеіс сыйлады.
Осы кездесуден кейін Шомурадов «Sky Sports» басылымына берген сұхбатында жеңіс голын соққанынан қуанышты екенін айтып, жақында «Челси» клубынан келетін Тэмми Абрахаммен бірге жақсы араласып кетуге сенім білдірген.