French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Элдор Шомурадов Италияның «Рома» клубына өтуге жақын
11:32 / 2021-07-29

Өзбекстан футбол құрамасының шабуылшысы Элдор Шомурадов Италияның «Рома» клубына өтуге жақын.

Футбол инсайдері Николо Скираның хабарлауынша, «Дженоа» клубының 26 жасты шабуылшысын Рим командасы 16 млн еуроға сатып алу құқығымен жалға алады. Енді Шомуродов А Серия ойындарында «Рома» сапында 2026 жылға дейін қатыспақ. Келісім бойынша Генуялықтар ойыншының келесі сатылымынан да белгілі бір мөлшерде ақша алуы көрсетілген.

Шомурадов Ресейдің «Ростов» клубынан «Дженоа» сапына 7,5 миллион еуроға ауысқан еді. Ол өткен маусымда 32 ойында алаңға шығып 8 гол және 2 сәтті пас берген.

Жаңа маусымда Жозе Моуриньо бастаған «Рома» клубы Конференция лигасында ойнайды.