Эльдор Шомурадов Италияның басқа клубына ауысты
Италияның «Специа» клубы «Рома» клубынан өзбекстандық шабуылшы Эльдор Шомурадовтың ауысқанын ресми түрде жариялап, ресми тіркеуден өткізді.
«Специя» 27 жасты аладоп шеберін маусым соңына дейін сатып алу құқығынсыз 1,5 миллион еуроға жалға алған.
Эльдор жаңа клубында 14 нөмірлі жейдеде өнер көрсетеді.
«Специя» А Серияда 18 ұпаймен 17-ші орында және лигада ең аз гол соққан командалардың бірі. Шомуродов биылғы маусымда римдіктер сапында 6 ойында алаңға шығып, гол соғалмады.
Еске сала кетсек, Шомурадов 2021 жылдың жазында генуялық «Дженоа» клубынан «Ромаға» 18 миллион еуроға өткен еді. Бірақ ол римдіктер сапында негізгі құрамда тұрақты ойыншы ретінде ойнай алмады.
Жалпы, Шомурадов римдіктер сапында 48 ойын өткізіп, 6 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген.