Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Эль-Классико: «Реал Мадрид» жеңіске жетті
12:17 / 2025-10-27

Испания чемпионатының 10-турында ел күткен Эль-Классико Мадрид қаласында өтті. Дәстүрлі қарсылық рухындағы бұл ойында жанкүйерлер айып соққылары, есепке алынбаған голдар мен қызыл карталарға куә болды.

Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ (2-минутта) «Реал» шабуылшысы Винисиус Жуниор қарсыласы Ламин Ямалмен қақтығысып, айып алаңында құлады. Бастапқыда төреші Сесар Сото Градо пенальти белгіледі, бірақ VAR жүйесінің кеңесінен кейін шешімін өзгертіп, 11 метрлік соққыны алып тастады.

12-минутта Килиан Мбаппе есеп ашқандай болды, алайда ассистент төрешілер офсайд тіркеп, голды жарамсыз деп тапты. Қайта көрсетілімде француз шабуылшысының тізе бөлігі сәл алға шыққаны анықталды.

Дегенмен Мбаппе өз мақсатына жетті: 22-минутта Джуд Беллингемнің тамаша пасын пайдаланып, қақпа торын тулатты. Бұл Мбаппенің қатарынан төртінші Эль-Классикодағы голы болды.

38-минутта каталондықтардың жартылай қорғаушысы Фермин Лопес есепті теңестірді. Бірақ көп ұзамай, 43-минутта Беллингем тағы бір дәл соққымен мадридтіктерді алға шығарды, есеп 2:1.

52-минутта Мбаппе пенальтиді соғалмады. Қалған уақытта ойын өте қызық өтті, бірақ таблодағы есеп өзгеріссіз қалды..

Осылайша, «Реал» 27 ұпай жинап, көш басындағы орнын нығайтты. Ал «Барселона» 22 ұпаймен екінші орында тұр.