English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Эль-классико. 17 жыл дегенде алғаш рет бұл кездесуде гол соғылмады
12:54 / 2019-12-19

Ойында Гарет Бэйлдің соққан голын «VAR» жүйесі есепке алмай ойын интригасының деңгейін төмендетіп, жанкүйерлер көңілін түсіріп жіберді


2002 жыл дәл осы «Камп Ноу» алаңында өткен кездесуде «Барселона» мен «Реал Мадрид» бір-біріне гол соға алмаған. Араға 17 жыл салып тағыда тарихи жағдай орын алып бүгінгі кездесуде де қос команда бір-бірінің қақпасына гол соғалмады.

Онсызда бірнеше рет өту мерзімі артқа шегерілген бұл кездесуден футбол жанкүйерлері бірнеше гол көруді қалап-ақ келгені стадионда ине шаншыр орын қалмағаннан беліглі еді. Алайда қос клубта бұл кездесуге күшті дайындалғаны ойын барысында бірден байқалды. Десе де, көп жағдайларда футболшылар өздері мүмкіндікті жіберіп алған тұстарыда байқалып, тіпті Гарет Бэйлдің соққан голын «VAR» жүйесі есепке алмай ойын интригасының деңгейін төмендетіп, жанкүйерлер көңілін түсіріп жіберді.

Ойын алды футбол сарапшыларының басым бөлігі «Барселона» жеңіске жетуі жайлы түрлі болжамдар жасаған болатын. Бірақта, біраз үзілістен кейін қайта келген Зидан корольдік клубты қайта өз қалпына келтіре алғаны осы ойыннан-ақ байқалды. Қазірде Ла-Лигада теңдей ұпайға ие болып тек голдар айырмасымен алда келе жатқан «Барселона» өз алаңында мұндай ойын көрсетеді деп ойламаса керек, қаншалықты түрлі әдістемелермен айла асырса да, аладопты «Реал» қақпасына соғудың ретін табалмады.

Осылайша есепте, ұпай арасындағы айырма да, реттік қатарындағы тізімде өзгермей қос клуб 18-турға жол тартты. Келесі «Эль-классико» 1 наурызда Мадридте өтеді.