«Эль Класико»: «Реал» өз алаңында жеңіске жетті
Мадридтің «Реал» клубы маусымның алғашқы «Эль Класико» кездесуінде жеңіске жетті.
«Сантьяго Бернабеу» алаңында өткен тартысты кездесудің бірінші таймында Карим Бензема мен Федерико Вальверде соққан голдарға екінші таймның соңында каталондықтар сапындағы Ферран Торрес бір голмен жауап қайтарса, қосымша минуттарда Родриго пенальтиден гол соғып Корольдік клубтың жеңісін сенімді етті.
Осылайша Карло Анчелотти шәкірттері кезекті «Эль Класикода» жеңіске жетіп, 25 ұпаймен Ла лигада көш бастады.