Эль-Класико: «Реал» мен «Барселона» клубы маусым алдынан жолдастық кездесу өткізеді
«Реал Мадрид» пен «Барселона» АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында маусым алдынан жолдастық жолдастық кездесу өткізеді.
Кезекті Эль-Класико 63 мың көрерменге арналған «Allegiant Stadium» алаңында 23 шілде күні өтпек. Матчтың билеттері бір аптаның ішінде сатылып кетті.
Каталондық клуб сонымен қатар 26 шілдеде Далластағы «Cotton Bowl» стадионында Италияның «Ювентус» клубымен ойнайды. Бұл кездесуге арналған 92 100 билет те футбол жанкүйерлері тарапынан жылдам сатып алынған.