Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Эль-Класико: Реал Мадрид жеңіске жетті
23:31 / 2020-10-24

Испания чемпионатының 7 тур аясында маусымдағы ең негізгі кездесулердің бірі саналатын «Эль-Классико» Каталонияда өтті


Испания чемпионатының 7 тур аясында маусымдағы ең негізгі кездесулердің бірі саналатын «Эль-Классико» Каталонияда өтті.

«Камп Ноу» алаңында алғаш рет көрерменсіз өткен кездесудің 5-ші минутында қонақтар шабуылшысы Вальверде есепті ашты. Бірақ көп ұзамай арадан 3 минут өткенде «Барселонаның» болашақ жұлдызына баланып жүрген Ансу Фати таблодағы есепті теңестіріп, «Эль-Классикода» гол соққан ең жас футболшыға айланды.

Екінші бөлімнің 63 минутында төреші VAR көмегінде Серхио Рамосқа қарсы ереже бұзғанын анықтап, каталондық клуб қақпасына 11 метрлік пеналти белгіледі. Ал оны Рамос голмен аяқтап есепті 1:2ге жеткізді.

Қалған уақытта Месси мен оның командаластары жағдайды оңтайландыруға жасаған асығыс әрекеттерінің бірінде ағаттық жіберді, нәтижеде 90 минутта Модрич «Реалдың» 3-ші голын соғып алаң иелері үмітінің біржола тас-талқанын шығарды. Қорытынды есеп 1:3.

Осылайша маусымның алғашқы «Эль-Классикосы» Королдік клубтың жеңісімен аяқталды. Осы жеңістен кейін Зидан басқаруныдағы «Реал» клубы турнир кестесінде 13 ұпаймен 1-ші орынға жайғасқан болса, «Барселона» 7 ұпаймен 12 орынға түсіп кетті.