Эль-класико: Реал – Барселона арасындағы матчтың өтетін уақыты белгілі болды
Осы кездесуге дейін каталондықтар, корольдік клубына қарағанда 29 сағат көп демалатын болған
Каталониядағы жаппай халықтың наразылыққа шығып, митингтердің күшейу себебінен өту уақыты кешіктірілген ойын датасы осы жылдың 18-шы желтоқсаны күні өтетін болды.
Маусымның алғашқы «эль-класикосы» әлем күткен матч келесі ай Ла Лиганың мәліметінше Каталонияда өтуі жоспарланған. Осыған дейін Барселона клубының бапкері бұл кездесудің Мадридте өтуіне қарсы болған еді. Содан кейін ұйымдастырушылар алғашқы кездесуді «Камп-Ноуда» өткізуді ұйғарған.
Осы кездесуге дейін каталондықтар, корольдік клубына қарағанда 29 сағат көп демалатын болған. Өйткені Барселона 14 желтоқасандағы кездесуін Реал Сосьедадқа қарсы өткізсе, келесі күні Реал Мадрит 15 желтоқсанда Валенсияға қарсы ойынға түсуі белгіленген. Мадридтік команда осы мәселе бойынша Еуропалық клубтар қауымдастығына шағым түсіру мүмкіндігі сақталған.
Барселона мен Реал арасындағы ойынның өтуі 26-шы қазанға белгіленген болып, кездесу Каталониядағы халық көтерілістерінен кейін артқа шегерілген еді.