Өзбекстанда 2022 жылдан бастап елдің дамуына үлес қосқан шетелдік және жергілікті азаматтар жаңадан әзірленген «Халықтар достығы» төсбелгісімен марапатталады. Осынау төс белгісі бір азаматқа рет беріледі.
Үкімет қаулысымен әзірленген жаң төсбелгіні Өзбекстанда тұратын барлық ұлт пен ұлыс өкілдері арасындағы этносаралық достық пен келісімнің атмосферасын нығайтуға лайықты үлес қосқан жергілікті және шетелдік мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпкерлер. әлеуметтік сала мен бұқаралық ақпарат құралдары мен шетелдегі отандастар марапатталады.
Атаулы төсбелгі жыл сайын 30 шілде - Халықтар достығы күні қарсаңында салтанатты түрде табысталмақ.
Осыған байланысты Министрлер Кабинеті жанындағы Ұлтаралық қатынастар және шетелдермен достық байланыс комитеті төсбелгі беруге арналған өтінімдерді қарау үшін комиссия құрады.
Төсбелгімен марапатталған азаматтар, ЕТЖ-нің 4 еселенген мөлшеріндегі бір реттік ақшалай сыйақыға ие болмақ (980 000 сум).