Ел аумағында коронавирус жұқтырғандар саны 3200-ден асты
Соңғы хабарға сай ел аумағындағы ауруханаларда 594 науқас бақылауда
Өзбекстанда бүгін тәулік бойы 51 кісіде коронавирус жұқтырғандық жағдайы тіркелді.
ДСМ-нің 25 мамыр күнгі кешкі қорытынды жаңалықтары бойынша 23:00 уақытымен тәулік бойы 51 азаматтан жаңа вирустың белгілері анықталып, республикадағы жалпы науқастар саны 3215 кісіге жеткен.
Ал бүгінгі сауыққан 42 кісі ауруханадан шыққан. Олардың саны бүгінде 2607 жанды құрауда. Осы дерттен жалпы 13 азаматтың өмірін жалмаған.
Өзбекстанда коронавирустық індетінің алғашқы жағдайы 15 наурыз күні Ташкентте тіркелген болатын. Соңғы хабарға сай ел аумағындағы ауруханаларда 594 науқас бақылауда.