English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Экваторлық Гвинеядағы жарылыстан қаза тапқандар саны 100-ге жуықтады
14:37 / 2021-03-09

Экваторлық Гвинеядағы әскери базада болған бірқатар жарылыстардан қаза тапқандар 98 кісіні құрап, 615 адам жарақат алған.

Ел үкіметтің сайтындағы хабарламаға сәйкес, зардап шеккендердің 316-сы медициналық мекемелерден шығарылған, тағы 299-ы Бата қаласының әртүрлі ауруханаларында емделуде.

Еске салайық, 7 наурызда Экваторлық Гвинеяның ең үлкен қаласы Батадағы әскери базада жарылыстар болып, алғашқы оқиға кезінде 20 адам қаза тапқаны және 400-ден астам адам жараланғаны айтылған еді.

Интернеттегі хабарларға қарағанда жарылыс болған аймақтағы барлық ғимараттардың шатыры ұшып, көпшілігінің қабырғалары құлап түскен.