Эквадордағы түрмедегі тәртіпсіздіктерден 24 адам қаза тапты
Эквадордың Гуаяс провинциясындағы түрмеде қарулы тұтқындар арасындағы қақтығыстан 24 адам қаза тауып, 42 адам жараланды.
Гуаяс полициясының бастығы Фаусто Буэнаноның мәлімдеуінше, қақтығысқа Лос-Лобос пен Лос-Хонерос бандасының мүшелері арасындағы дау себеп болған. Төбелестің соңы атыс, пышақтау мен жарылысқа ұласты.
Провинция губернаторы Пабло Ароземена түрмеде тәртіп орнатылғанын айтты.
Эквадор түрмелерінде тұтқындар арасындағы жаппай қақтығыстар жиі болып тұрады. Ақпан айында елдегі үш түрмеде болған қақтығыстарда 79 тұтқын қаза тапты. Эквадор президенті Гильермо Лассо осындай бірнеше оқиғадан кейін шілдеде елдің түрме жүйесіне төтенше жағдай жариялады.