Эквадорда түрмеде бүлік шығып 15 адам көз жұмды
Эквадордың Котопакси провинциясындағы түрмеде болған тәртіпсіздік салдарынан 15 адам қаза тапты.
Diario Expreso газетінің хабарлауынша, оқиға салдарынан тағыда 20 адам жарақат алған.
Жағдай қазір полиция бақылауында. Тәртіпсіздікке түрмеде бір тұтқынның өлтірілуі себеп ретінде көрсетілген. Оғад дейін ол есірткі сату және ақшаны жылыстату бойынша айыпталған.
Бұған дейін, 13 шілдеде Эквадордағы түрмедегі бүліктен 13 тұтқын қаза тапқаны хабарланған болатын.