Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Эквадорда ұшақ апатқа ұшырап алты адам қаза тапты
09:43 / 2021-04-08

Эквадордың батысындағы Гуаяс провинциясындағы Гуаякиль қаласының маңында жеңіл ұшақ далада апатқа ұшырап, борттағы 6 азаматтың бәрі қаза тапты.

Жергілікті El Universo газетіндегі ақпаратқа сай, бортта экипаждың екі мүшесі мен төрт жолаушы болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ Лаго Агриодан Гуаякильге бет алғаны, ондағы жолаушылар медициналық техниканы тасымалдаған дәрігерлер болғандығы атап өтілген. 

Қазіргі кезде ұшақтың неден апатқа ұшырағаны анықталуда.