Эквадорда президент сайлауының екінші кезеңі өтті: Даниэл Нобоа жеңімпаз атанды
Эквадордың Ұлттық сайлау кеңесі «Ұлттық демократиялық қозғалыс» партиясынан ұсынылған үміткер, қазіргі мемлекет басшысы Даниэл Нобоаны президенттік сайлаудың екінші кезеңіндегі жеңімпаз деп жариялады.
Ресми мәліметке сәйкес, Нобоа сайлаушылардың 55,92 пайыз дауысын жинаған. Оның басты қарсыласы — «Азаматтық революция қозғалысы» партиясының өкілі Луиса Гонсалес 44,08 пайыз дауысқа ие болды.
Алайда Луиса Гонсалес сайлау нәтижелерін мойындамай, дауыстарды қайта санауды талап еткен.